Ақтөбеде табиғатты ластаған кәсіпорынға 2,9 млрд теңгеге айыппұл салынды

Ақтөбенің табиғат қорғау прокурорлары «Восход Хром» ЖШС-нің қызметінде Хромтау ауданында хром кенін өңдеу кезінде бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, кәсіпорын 2022 жыл ішінде міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс жасаған.

Тиісінше, осы кезеңдегі барлық эмиссиялар, бұл атмосфераға 52 тоннадан астам ластаушы заттардың шығарындылары (бейорганикалық шаң, 3 валентті хром, магний оксиді және т.б.), сондай-ақ жалпы 395 мың тонна көлемінде орналастырылған ірі кесек және шламды байыту қалдықтары нормативтен жоғары, яғни заңсыз деп танылды.

Табиғат қорғау прокуратурасының шараларымен кәсіпорынға экологиялық рұқсатсыз қызметті жүзеге асырғаны үшін, 2,9 млрд теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыға сот тәртібімен шағым жасалды.

Облыстық соттың бірінші және апелляциялық сатылары айыппұлды заңды деп таныды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақтөбе облысының прокуратурасы
Өзгелердің жаңалығы