Ақтөбеде суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды

Ақтөбе облысының құтқарушылары жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 15 жасар жасөспірім Елек өзенінің жабдықталмаған жерінде шомылып, жағадан алыс жүзіп, өздігінен орала алмаған.

Ақтөбе облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Әлішер Құттыбаевтың жедел әрекеттерінің арқасында жасөспірім құтқарылды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы