Ақтөбеде су тасқыны болды

Ақтөбедегі "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" республикалық тас жолының 232 - 233 шақырымында, яғни Шалқар қаласынан 20 км жерде еріген су тасыды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

Мұнай құбырына қызмет көрсетуге арналған инженерлік жолдың сол жағында орналасқан параллельді жол арқылы жол төсемінен асып, еріген судың пайда болуынан жолдың төмен орналасқан бөлігін су басып, нәтижесінде су тасқыны орын алды. Жол бетіндегі еріген судың ені 15 метр, биіктігі шамамен 3-5 сантиметр. Бұл аумақта үш су құбыры бар, су құбырлары толықтай жұмыс жасап тұр, - делінген хабарламада.

Су тасқынын жою үшін "ҚАЖ сервис" ЖШС (ЖПБ-13 Шалқар) Ақтөбе филиалының 15 жол жұмысшысы шұғыл жұмылдырылды. 6 бірлік арнайы техника  көмекке жіберілді. Жолды жиегін нығайту үшін 2600 қап құм және 1200 тонна құм төселді. Жергілікті мекемелерден - 20 адам, 1 бірлік көмекке келгені белгілі болды.

19 наурыз сағат 22:00-дегі жағдай бойынша бұл учаскеде шектеу жоқ, көліктер жолдың жүру бөлігінде кедергісіз қозғалуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы