Ақтөбеде шыны зауытын салу жоспарлануда
Облыс басшылығына өңірдегі ЖШС өкілдері осындай ұсынысын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Бүгін өңір басшысы Асхат Шахаров құрылыс жүргізетін компанияның бас директоры Қайрат Қырымовпен кездесті. Тараптар ынтымақтастықтың егжей-тегжейін талқылады.
Облыс аумағында шыны зауытын салғысы келеді. Зауыттың ауданы 100 мың шаршы метрді құрайды, оны іске қосумен 500 жұмыс орны құрылады, - деді әкімдіктен.
Сондай-ақ, Ақтөбеде жаңа сауда ойын-сауық орталығы салу туралы ұсыныстар да талқыланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы