Ақтөбеде шомылуға тыйым салынған жерде екі бүлдіршін суға батып кетті
10 тамыз күні Алматылық ауданға қарасты "Ясное-2" тұрғын алабында кәмелетке толмаған екі баланың суға кетуіне байланысты іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға орнына Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен техникалары жедел тартылды.
Сол күні жедел-құтқару жасағының күшімен балалардың мәйіттері шомылуға тыйым салынған аймақта, жағадан шамамен 2 метр қашықтықта және 3 метр тереңдіктен табылды.
Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналар мен ересектерге су айдындары маңындағы балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды ескертеді.
Баланы бір сәтке қараусыз қалдыру орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Шомылу тек құтқарушылар кезекшілік ететін, арнайы жабдықталған орындарда ғана жүзеге асырылуы тиіс, - деп ескертті ТЖД.
Еске салсақ, Алакөлде 17 жастағы жасөспірім адамдардың көз алдында суға батып кеткен болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Несие алып, тағдырыңды қалай өзгертуге болады
Өзгелердің жаңалығы