14 Тамыз 2024 2024, 19:27 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ақтөбеде шок-тақтайшалар пайда болды

Шомылуға тыйым салынған жерлерде Елек және Қарғалы өзендерінде «Шомылуға тыйым салынады. Мұнда адам суға батып кетті» деген жазулары бар тақтайшалар орнатылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шомылуға тыйым салынған жерлерде Елек және Қарғалы өзендерінде «Шомылуға тыйым салынады. Мұнда адам суға батып кетті» деген жазулары бар тақтайшалар орнатылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мәліметінше, бұл нақты адамдардың суға батқан орындары. 

Осылайша ТЖМ тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігіне назар аудартуда. Сақ болыңыздар! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.