12 Шілде 2026, 23:55 Фото: Скриншот

Ақтөбеде серф-тақтасы бұзылған демалушы су ортасында қалып қойған

Құтқарылған азаматқа медициналық көмек қажет болған жоқ.

Ақтөбе су қоймасының акваториясын жоспарлы патрульдеу кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары су ортасында қалып қойған демалушыға дер кезінде көмек көрсетті.

Ведомствоның мәліметінше, 1990 жылы туған ер адамның бензинмен жүретін серф-тақтасы техникалық ақауға ұшырап, ол жағалауға өздігінен жете алмаған. Құтқарушылар жедел әрекет етіп, азаматты жағаға аман-есен жеткізді.

Құтқарылған азаматқа медициналық көмек қажет болған жоқ.

Осыған байланысты ТЖМ азаматтарға су айдынына шығар алдында жүзу құралдарының техникалық жарамдылығын міндетті түрде тексеруге, ауа райы жағдайын ескеруге және судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға кеңес берді.