Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен әкімнің ісі сотқа түсті

Ақтөбе облысында Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округтің әкімі Ләззат Бердібаева қызғалдақ жұлған қызы үшін сот алдында жауап береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық соттың мәліметінше, әкімге қатысты іс кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданған. Сот отырысы 13 мамыр күні сағат 10:30-да ашық түрде өтеді.

Әкімге Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің "Кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша хаттама толтырылған. Бұл бап бойынша оған 10 АЕК (39 320 теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Ләззат Бердібаеваның айтуынша, гүлді балалар жұлып әкелген, ал фото сол сәтте түсірілген. Бұл іс Әдеп кеңесінде де қаралуы мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/problema.aktobe
Өзгелердің жаңалығы