Ақтөбеде қырағы курьерлер зейнеткерді алаяқтардан құтқарды

Ақтөбеде қырағы курьерлер зейнеткерді алаяқтардан құтқарды. Облыстық полиция департаментінің бастығы азаматтарға алғыс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

8 тамызда 75 жастағы ақтөбелік әйелге телефон алаяқтары хабарласып, қызының жол-көлік оқиғасына тап болғанын айтқан. Өздерін полицей ретінде таныстырған қаскүнемдер қызын "құтқару" үшін зейнеткерден ірі көлемде ақша талап еткен. Олар ақшаны алу үшін қаладағы танымал курьер және такси қызметтерінің қызметіне жүгінген.

Мекенжайға барған 17 жастағы велосипедші-курьер өзіне зейнеткер әжей берген сөмкені алып, тапсырыс берушінің талаптары бойынша оны такси жүргізушісіне апарып берген. Сөмкені алу кезінде 28 жастағы такси жүргізушісі оның ішіне ірі көлемдегі ақша барын байқаған. Курьерден мән-жайды сұрап білгеннен кейін, бұл телефон алаяқтарының іс-әрекеті болуы мүмкін екенін түсінген. Осыдан кейін екеуі 2 миллион теңге ақша салынған сөмкені полиция бекетіне әкеліп тапсырған.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы