Ақтөбеде Қожасай-Жаңажол бағытындағы жолды су басты

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы Жем өзенінде сең жүріп, жергілікті маңызға ие жолды су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін сағат 12:10-да Қожасай-Жаңажол бағытындағы жергілікті маңызы бар автожолдың төртінші шақырымын су басты. Оның ені 70-80 метр болады.

Елді мекендерге қауіп жоқ. Қатынас жол жүру мүмкіндігі жоғары техниканың көмегімен жүзеге асырылуда. Еріген қар суының деңгейі төмендегеннен кейін қалпына келтіру жұмыстары жоспарланып отыр. Оқиға орнына жергілікті атқару орган өкілдері және ТЖ күштері жұмылдырылды. Кезекшілік ұйымдастырылды, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы