Ақтөбеде қатты жел бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы Шалқар ауданында қатты жел соғып, бірнеше әлеуметтік нысан мен үйдің шатыры ұшып кетті.

Оқиға 19 шілде күні сағат 21:50-де тіркелді. Облыстық ТЖД кезекші - диспетчерлік пультіне Шалқар қаласындағы дауыл туралы ақпарат түсті.

Қатты жел кезінде №2 мектеп шатырының бір бөлігі ұшып кетті. Ауданы 100 шаршы метрді құрайды. Сонымен бірге «Азамат» спорт кешенінің де шатыры зақымданды. Онда 50 шаршы метрі ұшып кетті. Сонымен бірге жеке үйдің шатыры бүлінді. Жергілікті атқарушы билік тарапынан 22 адам мен 5 техника жұмылдырылды, – делінген ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.

Шалқардағы  кезінде теміржол вокзалы маңындағы ғимарат шатырының ұшып келгені туралы ақпарат түскен. Оның теміржолға еш қатысы болмады. 

Қазіргі кезде ұшқан жабындылар жиналды, ешкім зардап шеккен жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы