Ақтөбеде қар құрсауынан 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өткен тәулікте ауа райының нашарлауына байланысты құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде қар құрсауынан 9 адам құтқарылып, 106 адам эвуакацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылып, Ақтөбе облысының 7 елді мекенінде 15 жеңіл және 366 жүк көлігі, 7 жолаушылар автобусы жолда қалғанын мәлімдеді. Қазір көліктер кептелісі жоқ, жолаушылар өз бағыттары бойынша жолға шықты.

2023 жылғы 3 наурыз күні 112 құтқару қызметіне «Самара-Шымкент» тас жолының 968 шақырымында жолдың жабылуына байланысты 106 жолаушысы бар 2 автобус тұрып қалып, жолаушыларды эвакуациялауға көмек қажет екені туралы ақпарат келіп түсті.

Құтқарушылар 106 Өзбекстан азаматын Әйтеке би ауылының мешітіне орналастырды.

Сол күні Мұғалжар ауданының орталығынан 60 шақырым қашықтықта 24 жастағы жүкті келіншекті денсаулығына байланысты Қандыағаш қаласында жеткізуге көмек қажеттігі туралы ақпарат келіп түсті.

Құтқарушылар әйел адамды Қандыағаш қаласының ауруханасына жеткізді.

Ақтөбе облысының ТЖ департаменті азаматтарға ауа райының өзгеруін қадағалауға, ауа райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпауға кеңес береді, - деп ескертті жауапты мекеме.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы