Ақтөбеде пышақ жарақатынан әйел адам көз жұмды

Бірнеше жерден пышақ жарақатын алған 38 жастағы ақтөбелік Жедел жәрдем ауруханасына түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, жарақаттанған әйелге дәрігерлер шұғыл түрде ота жасаған. Алайда алған ауыр жарақатының салдарынан науқас жансақтау бөлімінде көз жұмған.

 Бүгінде Ақтөбе қалалық ішкі істер бөлімі адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық тергеп-тексеруге байланысты біз басқа мәліметтерді жария ете алмаймыз, - деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Ерболат Сарқұлов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ерболат Бекболат
Өзгелердің жаңалығы