Ақтөбеде прокурорлар мемлекетке жер қайтарды

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (ӘКК) қызметін тексерумен жер учаскелерін нысаналы мақсатсыз, төмендетілген құнмен беру фактілері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәселен, 2018 ж. ӘКК «Баракат Нұр» ЖШС-не аумағы 25 га жер учаскесін арнайы жоба үшін 130 млн теңге сомасына сатылған.

Аталған жер учаскесін сату кезінде, кадастрлық құны 161 млн теңгені құрап, осылайша, бағасы 31 млн теңгеге төмендетілген.

Кейін осы жерлер заңсыз 167 жер учаскелеріне бөлініп, коттедж қалашығын салу үшін үшінші тұлғаларға сатылған.

Облыс прокуратурасының қадағалау актісі негізінде ӘКК учаскелерді қайтару туралы сотқа талаптар берілді.

06.09.2023 ж. сот шешімімен ӘКК талаптары қанағаттандырылып, ӘКК және «Баракат Нұр» ЖШС, сондай-ақ үшінші тұлғалар арасындағы сатып алу шарттары жарамсыз деп танылды (14.12.2023ж. сот шешімі заңды күшіне енді).

Осылайша, прокуратура органдарымен мемлекеттің мүддесі қорғалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы