Ақтөбеде "пәтерлерді жалға берген" алаяқ ұсталды

Бұл туралы BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

28 ақпан күні Ақтөбе облысы Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Павлодар қаласының 28 жастағы тұрғынын ұстады.

Polisia.kz мәліметінше, күдікті 2022 жылдың маусым айынан бастап Krisha.kz сайтында пәтерді ұзақ мерзімге жалға беру туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Пәтерде жалдамақ болған тұрғындар қолма-қол ақшаны алдын-ала жалған абоненттік нөмірлерге аударып отырған. Шығын көлемі шамамен 1 млн теңгені құрайды.

Ұсталған адамның интернеттегі алаяқтықтың 5 фактісіне қатысы бар екендігі анықталды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: zhaikpress.kz
Өзгелердің жаңалығы