Ақтөбеде пәтерлерді тонап келген ұры қолға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбелік полиция пәтер ұрлығын жасаған азаматты құрықтады. Оның 7 пәтер ұрлығы дерегіне қатысы бар екені анықталды, деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД-нің баспасөз қызметі.
"Ұсталған азамат осы жылғы ақпан мен наурыз аралығында бірнеше пәтер ұрлығын жасаған. Бірінші қабаттағы пәтерлерге пластиктен жасалған терезелерді ашу арқылы кірген. Барлық қылмыстық әрекеттерін 12 шағын мөлтек ауданында, жұмыс күндері және күндізгі уақытта жасаған. Ақтөбе облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері басқаның мүлкін ұрлау деректерін болдырмау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, 38 жастағы қалалық азаматты анықтап, ұстады", - делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі кезде ол Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сот алды тергеу-тексеру шаралары жүргізілуде, күдіктінің жеті пәтер ұрлығы дерегіне қатысы бар екені белгілі болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы