Ақтөбеде «Өзгеге өмір сыйла» атты акция бастау алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 2-3 сәуір күндері Ақтөбе қаласында қан тапсырудан «Өзгеге өмір сыйла» атты жастар арасында жалпы қалалық акция өткізіліп жатыр.

Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Ақтөбе қаласының әкімдігі және қалалық мәслихаты, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы, «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалы қолдауымен өткізіліп жатқан акцияға қала әкімі І.Испанов қатысты. Әкім акцияға қатысушыларға сәттілік тіледі. 

«Бұл іс-шара ертеңде өтеді! Белсенді жастарды шақырамыз!», - деді қала әкімі. 

Қан тапсырған адамның қан жасушалары жаңарады, ағзасы тазарады. Ең бастысы, әрі маңыздысы қан тапсырған адам қанға мұқтаж жанның өмірін аман сақтап қалуға өз үлесін қосады. 

Қан беру - организмдегі қан көлемінің жаңаруына бастама болады.  Қан - тіршіліктің тірегі. Донордың берген қаны екінші бір адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Сондықтан донор болу - әр адамның азаматтық парызы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы