Ақтөбеде өрттен 11 адам құтқарылды

Ақтөбеде өрт сөндірушілер 11 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Қаладағы 12 шағын ауданындағы 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 8-ші қабаттағы пәтерде жиһаз жанды. ТЖД күшімен жоғарғы қабаттардан баспалдақпен 11 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды, - делінген ведомство хабарламасында.

Белгілі болғандай, зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын - ала себебі-электр сымдарының қысқа тұйықталуы екендігі анықталды.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 33 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы