5 Мамыр 2024 2024, 21:18 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ақтөбеде өртенген үйден екі адамның денесі табылды

Ақтөбе қаласыда саяжай аумағындағы үй өртеніп, екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе қаласыда саяжай аумағындағы үй өртеніп, екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе қаласы Астана ауданы Дорожник бау-бақша ұжымында үй мен шаруашылық бөлмесі өртенді. Ауданы - 73 шаршы метр.

Өрт сөндіру кезінде екі адамның денесі табылды. Өрт сөндірушілер үйден 8 газ баллонын шығарды,- деді Ақтөбе қаласы Алматы ауданя ТЖБ бастығы Аслан Арзымбетов.

Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 92 өрт тіркеліп, 6 адам көз жұмды. Өрттің көбі тұрғын үй секторында болды. Материалдық шығыны 46 млн теңгеге жеткен.