2 Тамыз 2024 2024, 08:45
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Ақтөбеде өрт сөндірілді
Ақтөбеде дәмханалардың бірінің ас дайындайтын үй-жайында өрт орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтөбеде дәмханалардың бірінің ас дайындайтын үй-жайында өрт орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқыс оқиға Астана ауданындағы дәмханада болды.
Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында 42 ш.м. алаңындағы өрт қысқа мерзімде жойылды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.