9 Сәуір 2024 2024, 16:48
Фото: Бас Прокуратура
Ақтөбеде онлайн казино жабылды
Ақтөбе облысының прокуратурасы интернет казино ұйымдастыру бойынша қылмыстық істі сотқа жолданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтөбе облысының прокуратурасы интернет казино ұйымдастыру бойынша қылмыстық істі сотқа жолданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аймақтық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті онлайн казино режимінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған және басқарған 4 адамға қатысты қылмыстық істі аяқтады.
Онлайн казино ойыншыларынан тартылған қаражаттың жалпы 375 млн теңге құрады. Анықталғандай, онлайн казино ойыншылары 22-30 жас аралығындағы жастар болды. Бұдан бөлек, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық қудалау органымен қылмыстық жолмен табылған жылжымалы және жылжымайтын мүлікті қамауға алынды, - делінген хабарламада.
Ақтөбе облысының прокуратурасы азаттық-ойындар «игромания» және «лудомания» сияқты ауыр аурулардың дамуына себеп болатынын ескертеді.