Ақтөбеде олимпиадаға бара жатқан оқушылар қаза тапты
Тас жолда болған жол апатынан екі оқушы мен мұғалім қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19 желтоқсан күні таңертең Самара-Шымкент тас жолының Қызылжар ауылының маңында жол-көлік апаты болды.
Ақтөбе облысының білім басқармасының мәліметінше, жол апатынан екі оқушы мен бір мұғалім көз жұмған.
Басқарма түсіндіргендей, олар республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алған екен.
Сондай-ақ қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқаны айтылады.
Оқиғаның қалған мәліметтері ақпарат болған кезде қосымша хабарланады, - делінген департамент мәліметінде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Семейде 77,3 млн қорап контрафактілік темекі тәркіленді
Өзгелердің жаңалығы