Ақтөбеде мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды
Қаңтар айында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері тонау қылмысын жасап, құзырлы органдардан жарты жылдан астам уақыт жасырынып жүрген азаматты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Өткен жылдың маусым айында ол көшеде Ақтөбе қаласы тұрғынының телефонын ашық түрде тартып алып, қашып кеткен.
Полиция жедел іс-шаралар жүргізу барысында күдікті ретінде 49 жастағы ер азаматты анықтап, мемлекетаралық іздеуге жариялады. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жуырда ер адам Ақтөбе қаласында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Күдікті кінәсін мойындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Digital Almaty форумында ерекше стартап таныстырылды
Өзгелердің жаңалығы