Ақтөбеде мектептерде жарылыс болатыны туралы жалған хабарлама тарады
Әлеуметтік желілерде Ақтөбе қаласындағы оннан астам мектепте жарылыс болатыны және балаларға қастандық жасалатыны туралы жалған ақпарат тарады. Полиция осы дерек бойынша тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратқаны үшін жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтау бағытында жедел іс-шаралар қабылданды. Күдіктілер жақын арада анықталып, еліміздің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Сонымен бірге, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді: мектептерде бейнебақылау жүйелерінің жұмысы күшейтіліп, оқу орындары маңында полиция жасақтарының саны артты, - делінген ПД хабарламасында.
Азаматтарға тек ресми дереккөздерге сенуге, әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа еріксіз сенбеуге кеңес беріледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы