Ақтөбеде мектепте оқушы қайтыс болды

Ақтөбе қаласындағы мектептердің бірінде 13 жастағы оқушы қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қайғылы жағдайға қатысты Ақтөбе облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Ақтөбе қаласындағы №27 мектептің 13 жастағы оқушысы үзіліс кезінде сынып ішінде партаға соғылып құлап, соққыдан есінен танып қалған. Мектеп шұғыл жедел жәрдем шақырып, бала ауруханаға жеткізілді. Ауруханадан суық хабар алынды, - деді Білім басқармасы.

Қазіргі таңда құзырлы органдар тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Нұркен Алишев - архив
Өзгелердің жаңалығы