Бүгiн 2026, 04:04 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ақтөбеде көпқабатты үйдің шатыры өртеніп, 50 тұрғын эвакуацияланды

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Ақтөбе қаласында Сәтбаев көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді. Оқиға орнына ТЖМ-нің күштері мен құралдары жоғары шақырту деңгейі бойынша жедел жіберілді.

Өрт сөндірушілер келген кезде шатыр толықтай ашық жалынға оранғаны анықталған. Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар 50 тұрғынды, оның ішінде 12 баланы эвакуациялады.

Тұрғындарға арнайы автокөлік базасында жылыту пункті ұйымдастырылды.

Өрт 290 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Оқиға орнына 70-тен астам маман мен 30-ға жуық техника жұмылдырылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.