Бүгiн 2026, 08:03
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты: 34 тұрғын эвакуацияланды
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Түнгі уақытта Ақтөбе қаласының 12-шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт тоғызыншы қабаттағы пәтерде тұтанған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар баспалдақ арқылы 34 тұрғынды, оның ішінде 9 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.
Өрт 25 шаршы метр аумақта оқшауланып, толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.