Ақтөбеде көппәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, 13 адам эвакуацияланды
2023 жылғы 25 маусым күні сағат 08:26-да 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы, Әлия Молдағұлова даңғылы бойындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, өртті сөндіруге Ақтөбе облысы жеке құрамының 16 құтқарушысы мен 5 бірлік өрт техникасы жұмылдырылды.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылардың жедел іс-әрекетінің нәтижесінде өрт тараған жоқ, баспалдық арқылы 13 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды. Өрт сағат 08:52-де толықтай сөндірілді. Өрт алаңы 10 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталуда, - делінген ведомство хабарламасында.
Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін еске салды:
- Сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз, электр сымдары мен құрылғыларының дұрыстығын қадағалаңыз.
- Бір желіге бірнеше электр аспаптарын қосуға жол бермеңіз және қолдан жасалған электр жылыту аспаптарын пайдаланбаңыз.
- Тек жарамды пештерді, газ және электр құралдарын пайдаланыңыз, мұржаларды күйеден уақтылы тазалап отырыңыз.
- Төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 бірыңғай құтқару телефонына қоңырау шалу қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
28 маусым - Құрбан айт мерекесі
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы