Ақтөбеде көп қабатты тұрғын үйде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Оқу жаттығуға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абдуллин Мавр Ерғалиұлы және ТЖД басшылығы қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және нығайту болып табылады. Төтенше жағдайлар туындаған кезде тұрғындардың дұрыс іс-әрекеттері адамдардың өлімі мен жарақаттануының алдын алуға мүмкіндік береді. Ал өрт сөндіруші-құтқарушылар үшін - бұл адамдарды құтқаруға және эвакуациялауға арналған құралдардың барлық түрлерін қолдана отырып, биік үйлердегі өрттерді сөндіру тактикасын пысықтауға арналған кезекті оқу-жаттығу.

ТЖМ жоспарына сәйкес, 16 қабатты тұрғын үй кешенінің 7 – қабатындағы пәтерде үтікті қосып қалдырып кету себебінен өрт шығып, пәтердің жатын бөлмесінде үй заттары және жиһаз жанды. Өрт салдарынан от басқа бөлмелерге және балқытылған пластик терезе арқылы сыртқы қаптамамен жоғарғы қабаттарға таралды.

Адамдарды жоғары қабаттардан құтқаруға және өртті сөндіруге күштер мен құралдарды бір мезгілде бағыттай отырып, жағдайды бағалау үшін барлау жүргізілді. Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері тұрғындарды түтін баспайтын баспалдақ маршы, автосаты және алпинистік жабдық арқылы 18 адамды құтқарып, 40 адамды эвуакациялады.

Адамдарды биіктіктен эвакуациялауға арналған «Өмір кубы» орнатылды. Полиция департаменті қызметкерлері қоршау қойып, өрт сөндіру техникасының кедергісіз өтуін қамтамасыз етті және психологтардың жұмысы ұйымдастырылып, эвуакацияланған тұрғындарға Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Өрт сөндірушілер өртті оқшаулап, жоғары қабаттарға таралу қауіпін жойып, толығымен сөндірді.

Оқу жаттығуға ТЖД жеке құрамы, полиция департаменті, «ҚазТрансГаз Аймақ» өкілдері, жедел жәрдем қызметкерлері және апаттар медициналық бригадасы қатысты.

Тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы білімдерін шыңдауға бағытталған үгіт-профилактикалық әңгімелер өткізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі халыққа қауіпсіздік шараларын үйрету үшін барынша күш салуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақтөбе облысы ТЖД
Өзгелердің жаңалығы