1 Қазан 2024 2024, 23:20
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Ақтөбеде көлік тиеген автовоз өртке оранды
Ақтөбе облысы Қобда ауданында "Самара-Шымкент" республикалық маңызы бар автожолда 6 жеңіл автокөлігі бар автовоздың өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтөбе облысы Қобда ауданында "Самара-Шымкент" республикалық маңызы бар автожолда 6 жеңіл автокөлігі бар автовоздың өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
Автовоздың мотор бөлігінен басталып, тиелген автомобильдерге көшкен өрт толығымен жойылды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында 3 жеңіл автокөлік өрттен құтқарылды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Өздігінен сөндіру әрекеті кезінде 1996 жылы туған автокөлік жүргізушісі және 1994 жылы туған Қырғыз Республикасының азаматын күйік шалып, олар ТЖ күшімен аудандық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлерге табысталды.