Ақтөбеде кірпіні доп қылып ойнағандарға қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде кірпіге қатыгездік танытқандарға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz-тің мәліметінше, әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында бір топ жастар футболды тірі кірпімен тепкілеп ойнағаны анықталды. Тексеру барысында бұл оқиға Ақтөбе қаласында орын алғаны белгілі болды.

Күдіктілер анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Жануарларға қатыгездік жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.

ҚР ҚК-не сәйкес, жануарларға қатыгездікпен қарау оның мертігуіне әкеліп соққан жағдайда 120 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы