Ақтөбеде киіктердің өлексесі табылды

Ақтөбеде киіктердің өлексесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл Әйтеке би ауданының аумағы. Мамандар тез арада мән-жайды анықтайды.

Әлеуметтік желіде Қайрақты өзені жағасында киіктердің өлексесі табылғаны туралы видео тарады. Видеоден бір емес, ондаған киіктің жатқанын көруге болады.

Ақтөбе облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Әділкерей Әуелбаевтың айтуынша, видеоны түсірген адам табылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы