Ақтөбеде ипотекалық орталық ашылды

Ақтөбеде облыс тұрғындары үшін жылжымайтын мүлік іздеу және сатып алу процесін жеңілдететін бірегей сервис – ипотекалық орталық іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тұрғын үй құрылысының қарқынды өсуін және жалпы облыстың дамуын ескере отырып, мұндай орталықтың ашылуы – облысымыз үшін өзекті. Орталық мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысып, халық игілігіне қызмет етеді деп сенемін, - деді сатлтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы – тұрғын үйді пайдалануға беру жағынан көш басындағы үштіктің қатарында. Осы жылы кемінде 1,3 млн м2 жаңа баспана салу жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы