Ақтөбеде гипермаркеттің тұрағында жүк көлігі 57 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде жүк көлігі қағып кеткен жаяу жүргінші жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.
4 сәуірде Mercedes-Benz Actros 2541 жүк көлігінің 64 жастағы жүргізушісі «Анвар» гипермаркетінің тұрағында маневрдің қауіпсіз болатынына көз жеткізбей, нәтижесінде автокөлік пен тіркеменің арасында тұрған 57 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының Медициналық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.
ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде 25 жұмысшы мінген автобус суға кетті
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы