Ақтөбеде гараждан 100 келіден астам есірткі заттары табылды

Ақтөбеде гараждан полицейлер жүз келіден астам есірткі заттарын тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласындағы гараж кооперативтерінің бірінде есірткі заттарын сақтады деген күдікпен облыс орталығының 40 жастағы тұрғыны ұсталды.

Тінту іс-шаралары барысында 5 қап (100 кг.), ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік заты бар 170 дана сіріңке қорабы (болжам бойынша марихуана), 200 дана пластинка (болжам бойынша гашиш) және жеке тінту кезінде 1 350 000 теңге табылып, тәркіленді, - делінген полиция хабарламасында.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Қазіргі уақытта тінту шаралары әлі жүргізіліп жатқаны да нақтыланады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы