Ақтөбеде гаражда тұрған екі автокөлік өртеніп кетті

Екі автокөлігі бар гараждағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін Ақтөбе қаласында болды. Жеке тұрғын үйдің ауласында гараж бен екі автокөліктің 80 шаршы метр алаңда жанып кеткен.

ТЖМ күшімен өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - деп атап өтті ведомстводан.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы