Ақтөбеде есірткі пайдаланып қоғамдық көлік жүргізген жүргізуші ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ақтөбеде есірткіге елтіген 52 жастағы жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды 24.kz.

«Автобус» жедел алдын алу шарасы кезінде полиция жол ережесін бұзған «ПАЗ» автобусын тоқтатқан.

Тексеру барысында іс-әрекеті күдік тудырған жүргізуші бірден медициналық куәландыруға жіберілді. Кейін нөмірі 7 бағыт бойынша жолаушы тасымалдап жүрген жүргізушінің есірткі қолданғаны дәлелденді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы