Ақтөбеде ер адам қарызы мен алиментін жабу үшін жұмыс орнын тонап кеткен
Ол жалпы құны 2,5 миллион теңгеге жуық видеокарталарды ұрлаған.
Ақтөбеде ер адам алимент пен несиесін төлеу үшін компьютер клубын тонап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.
Клуб иесі тұрақты келушілерінің бірін жабдықтар мен бейнебақылау жүйесін орнатуға көмектесу үшін жұмысқа алған. Ер адамның материалдық жағдайының қиын екенін білген ол бұған дейін де қаржылай көмектесіп жүрген.
Барлық бөлмеге еркін кіріп-шығуға мүмкіндігі болған жұмысшы желіге қосылмаған компьютерлер тұрған бөлмеге кіріп, жалпы құны шамамен 2,5 миллион теңге болатын видеокарталарды ұрлап кеткен. Кейін оларды сатып, түскен ақшаны несиелері мен алимент қарызын өтеуге жұмсаған.
Сотқа дейін келтірілген шығын өтелмеген. Сондай-ақ ұрлық жасалған кезде ер адамның бұған дейін жасаған қылмысы үшін пробация қызметінің бақылауында болғаны анықталған.
Барлық мән-жайды ескерген сот оны 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
- Лицензия, қаржыландыру және инвестиция: «Ақ жолда» жекеменшік медицинаның мәселелері талқыланды 16:55
- Басынан қан кетіп, есінен танып қалған: Шымкентте полицейлер ауыр жарақат алған балаға көмек көрсетті 16:53
- Ертеңгі басты сайлауалды дебатты ОСК бақылайды 16:35
- «Түлектерге уақыт берілуі керек»: Саясат Нұрбек грантты өтеу туралы айтты 16:20
- ОСК: Бүгіннен бастап сайлауға қатысты сауалнама нәтижелерін жариялауға тыйым салынады 16:12
- Бақытжан Базарбектің қатысуымен болған жол апаты: Зардап шеккен ер адамның отбасы мәлімдеме жасады 16:01
- Қытайдан – 21, АҚШ-тан – 19: Құрылтай сайлауын бақылауға қай елден көп байқаушы келеді? 15:55