Ақтөбеде екі әйел жоғары қабаттан құлап, мерт болды

24 сәуір сағат 01:48 шамасында Жедел басқару орталығының 102 пультіне "Ақтөбе Ажары" 112 тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан адам құлағаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдында екі әйелдің денесін тапты. Полицейлер мәйіттердің жеке басын анықтады, олар 31 және 56 жастағы әйелдер екені белгілі болды, - деп жазды polisia.kz телеграм каналы.

ҚР ҚК 105-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы