Ақтөбеде боранды күні жолда қалған адамдар құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде борынды күні жолда қалған 15 адамға құтқарушылар көмектесті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

3 қаңтарда Құтқару қызметінің пультіне Хромтау ауданы Дөң ауылынан 55 шақырым жерде бірнеше көлік қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама түсті. Аудандық құтқарушылар ТРЭКОЛ техникасымен оқиға орнына жедел жетті. 

Оқиға орнына барған төтенше жағдайлар қызметкерлері 15 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарып, қар құрсауынан 5 жеңіл автокөлікті шығарды. Сонымен бірге сағат 19:30-да Бадамша-Жангелді елді мекендерінің арасында ауа райының қолайсыздығынан Нива маркалы автокөлік қар құрсауында қалып қойды. Құтқарушылар оларда жанар-жағар майдың таусылғанын, сөйтіп 4 сағат бойы тұрып қалғанын анықтады. 2003 және 2004 жылы туған екі жасөспірімді құтқарып, Бадамша ауылына жеткізді , - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті ескерту жарияланғанда алыс жолға шықпауды еске салады. Егер төтенше жағдайға тап болсаңыз, онда машинаның авариялық сигналдарын қосып, «112» құтқару қызметіне дереу хабарлау қажет.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы