Ақтөбеде бірнеше адам хабар-ошарсыз кеткен
Ақтөбе облысының аумағында ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жасалды. Қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе облысында бірқатар авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысының аумағында ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жасалды. Қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе облысында бірқатар авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Темір ауданында «Ақтөбе-Астрахань» тас жолының 140-шақырымында құтқарушылардың көмегімен жеңіл автокөлігіндегі жүргізуші Шұбарқұдық елді мекеніне жеткізілді.
Ойыл ауданы Берсиев ауылдық округі Құмжажарған елді мекенінде үйіне оралмаған малшы құтқарушылардың көмегімен Құмжажарғаннан 6-шақырым қашықтықтағы Қуырдақты жерінде аман-есен табылды.
Байғанин ауданында «Байғанин-Жарқамыс тас жолының 18-шақырымында қар құрсауында тұрып қалған «Газель» автокөлігіндегі 2 адам құтқарушылардың көмегімен эвакуацияланды.
Сонымен қатар Әйтеке би ауданы Аққұм ауылынан Жабасақ ауылына «Нива» автокөлігімен жұмыс бабымен шыққан 3 жұмысшы Жабасақ ауылына жетпей, хабарсыз кеткен. Кейіннен жұмысшылар байланысқа шығып, Жабасақ ауылынан аман-есен табылды. Медициналық көмекті қажет етпеді.
Ақтөбе облысы ТЖ департаменті өз өмірі және жақын адамдарының өміріне қауіп төндірмеу үшін облыс тұрғындарына келесі ережелерді сақтауды ұсынады. Қысқы сапарға шықпас бұрын:
- ауа райы болжамын мұқият оқып шығыңыз;
- қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз. Ақпаратты 112 құтқару қызметінің телефоны бойынша, сондай-ақ «Darmen» мобильді қосымшасының көмегімен нақтылауға болады;
- «112» қызметінен ресми дауылды ескерту алған кезде елді мекендерге барудан және шығудан аулақ болыңыз.
- машинаны төтенше жағдайда аман қалуға мүмкіндік беретін қосымша, бірақ өте қажет жүкпен жабдықтау: отын қоры бар канистр (кемінде 20 л) және құюға арналған құйғыш, шай термосы және азық-түлік қоры, жылы киімнің қосалқы жиынтығы;
- Ең бастысы, автомобиль техникалық жарамды күйде болуы керек.