Ақтөбеде Білім бөлімінің басшысы пара алды деп күдікке ілінді

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шалқар ауданындағы білім бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Антикор баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес ол аудандық жалпы білім беретін орта мектептің директоры арқылы қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларынан жалпы сомасы 18,5 млн теңге пара алды деп күдікке ілінді.

Соттың санкциясымен білім бөлімінің басшысы мен аудандық мектеп директоры қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі, - делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы