Ақтөбеде ауыр қылмыс жасаған ер адам ұсталды

8 жылдан астам сот төрелігінен жасырынып келген ер адам Ресей Федерациясының азаматы, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оны 30 қарашада облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жергілікті Шекара қызметі департаментінің қызметкерлерінің көмегімен ұстаған.

«Орынбор облысының 35 жастағы тұрғыны Ақтөбе қаласындағы жиһаз цехтарының бірінде ұсталды», деп жазылған хабарламада.

Күдікті ҚР ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігі бойынша іздеуде жүрген. Қазір ұсталған адам Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы