Ақтөбеде аутизмге шалдыққан бала табылмай жатыр
Ақтөбеде бірнеше күннен бері аутизмге шалдыққан жасөспірімді таба алмай жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ZTB телеграм арнасының мәліметінше, 13 жастағы Кәрім 4 маусым күні күндіз үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.
Жасөспірім аутизмге шалдыққан. Дегенмен ол көпшіліктен қорықпайды және есімін атаса қарайды.
Кәрім Ақтөбенің Заречның-1 ауылында жоғалған. Ол өз қарындастарымен бірге әжесінің үйінде болған. Анасы перзентханаға түскеннен кейін оларды сол жерге апарып тастаған екен.
Куәгерлердің сөзінше, Кәрім суға қарай жүгірген. Сол сәттен бастап оны ешкім көрмеген.
Өкінішке қарай, бала әлі табылмады. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір 40 шақты техника, үш квадроцикл, екі қайық, бірнеше жылқы және қызметтік иттер жұмылдырылды. Сондай-ақ дрон да іске қосылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл 3 мыңға жуық бала демалысын тиімді өткізеді
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы