Бүгiн 2026, 08:50
Фото: скрин /aktobe_zello
Ақтөбеде аулада футбол қақпасы баланың үстіне құлады
Куәгерлердің айтуынша, қақпа бекітілмеген болған.
Ақтөбеде көпқабатты үй ауласындағы футбол алаңында бала жарақат алды. Оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Оқиға туралы ақпарат жергілікті пабликтерде жарияланған. Мәліметке сәйкес, 12-шағын аудандағы №45 үйдің ауласында бекітілмеген футбол қақпасы баланың үстіне құлаған. Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы – «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету» бойынша іс тіркелгенін хабарлады.
Қазіргі уақытта футбол алаңының салынуы мен оған қызмет көрсету жағдайлары Ақтөбе қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі арқылы тексеріліп жатыр.