2 Маусым 2024 2024, 07:10 Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД

Ақтөбеде Атыраудағы су тасқынымен күрескен құтқарушыларды қарсы алды

Ақтөбе облысы ТЖД гарнизоны Атырау облысында су тасқыны жұмыстарына қатысқан Ақтөбелік құтқарушыларды қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы ТЖД гарнизоны Атырау облысында су тасқыны жұмыстарына қатысқан ақтөбелік құтқарушыларды қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Ақтөбелік құтқарушылар Атырау облысында бөгетті нығайту жұмыстарын жүргізді.

Осыған дейін Ақтөбелік құтқарушылар Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынындағы жұмыстарын аяқтап, Атырау облысына су тасқынына қарсы шараларға жіберілген болатын.

Екі өңірде де құтқарушылар 51 күн қызмет атқарып, су тасқынының алдын алу және жоюда өз үлестерін қосты.