Ақтөбеде Астана күнінде 19 сәби дүниеге келді

Елорда күні өңірдің перинаталдық орталықтарында 19 сәби дүниеге келді, оның ішінде 11-і - қыз және 8-і - ұл, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов облыстық перинаталдық орталыққа барып, аналарды өміріндегі ең бақытты сәт - балаларын дүниеге әкелуімен құттықтады. Мұнда бүгін 5 қыз және бір ұл туған. 

Медина - Қаракөз Ешниязованың көптен күткен қуанышы, тұңғышы. Жанерке Серік пен Аида Хайруллина көпбалалы отбасы атанды.

Бүгін сіз және сіздің отбасыларыңыз үшін қос мереке. Сіздерге және жаңа туған нәрестелерге зор денсаулық, бақыт, амандық тілеймін. Балалар еліміздің мақтанышына айналсын, - деп ақжарма тілегін білдірген өңір басшысы аналарға сыйлықтар табыстады.

Айта кетейік, Астана күнін мерекелеу аясында өңірде 100-ден астам мерекелік шара ұйымдастырылады. Ақтөбедегі алаңдар мен саябақтарда дәстүрлі мерекелік бағдарламалардан бөлек, облыс тұрғындары мен қонақтары көрмелерге, жәрмеңкелерге, концерттік бағдарламаларға қатыса алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы