Ақтөбеде анасы мен қызын қағып кетіп, 3 жасар қыз қаза болды

Ақтөбеде жүк көлігін жаяу жүргіншіде анасы мен баласын қағып кетті. Қыз алған жарақаттарынан қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға 10 тамызда "Оңтүстік айналма жол" автожолында болған. Күдікті ұсталды.

"Газель" автокөлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды, яғни анасы мен баласын қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш жасар қыз қаза болып, әйел медициналық мекемеге жеткізілді. Адамның өліміне әкеп соққан "Жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші уақыша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қызды облыстық балалар ауруханасына әкеліп үлгерген, бірақ ауруханаға түскеннен кейін жарты сағаттан соң бала көз жұмған. Қазір дәрігерлер 32 жастағы ананың өмірі үшін күресіп жатыр.

1992 жылы туған әйел көпсалалы облыстық аурухананың реанимациясында. Көптеген жарақаты бар, жағдайы ауыр, - деп хабарлады Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Естеріңізге сала кетейік, 7 тамызда Ақтөбе облысында жүк көлігі мен минивэн соқтығысып, 8 адам қаза тапқан еді. Олардың бесеуі бала болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы