Ақтөбеде алты жеңіл көлік тиеген автовоз өртеніп, екі адам зардап шекті

Ақтөбе облысында алты көлік тиеген автовоз өртеніп, екі адам зардап шекті. Көлікте болған отыз және 28 жастағы екі азамат Қобда аудандық ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Өрт автовоздың мотор бөлігінен басталды. Тиелген автомобильдерге көшкен. Өрт 19.50 минутта толығымен жойылды. Өрт сөңдірушелір көмегімен үш жеңіл көлік өрттен құтқарылды. Өрттің себебі сараптамамен анықталады, - деді облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Зафира Аманжолова.

Оқиға Самара-Шымкент тас жолының бойында Қобда ауданына 30 шақырым жерде болған. Зардап шеккендер-қырғыз елінің азаматтары. Олар өртті өздігінен сөндірмек болған көрінеді. Екеуінің де денесін күйік шалған.

Хирург дәрігерлер қарап, диагноз қойылды. Диагнозы бас, бет мойын екі жақ қол басы аймағының және екі жақты аяқ басы аймағының күйік шалуы термический ожог екінші дәрежелі күйіктің көлемі 27 пайыз. Түнде науқастар анезтезиолог және реаниматолог және хирург дәрігерінің бақылауында болды. Жәнеде сағат он жарымда біздің анезтезолог дәрігердің тасымалдауымен екі науқас Ақтөбе қаласына жеткізілді, - деді Қобда аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Асқар Оразалин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы