Ақтөбеде алғаш рет лапароскопиялық ота жасалды
Ақтөбеде алғаш рет лапароскопиялық ота жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР ПІБ МО ауруханасының жоғары санатты уролог дәрігері, Урологиялық хирургия бөлімінің меңгерушісі Бахтияр Қасымов Ақтөбе медициналық орталығында лапароскопиялық операциядан шеберлік сабағын өткізді.
Ақтөбе өңірінде алғаш рет қуықасты безі аденомасын емдеу бойынша 84 және 60 жастағы екі науқасқа лапароскопиялық және эндоскопиялық тәсілмен операция жасалды. Өңірдің уролог дәрігерлері жаңа технологияны пайдалана отырып, операцияның бұл тәсілін меңгеруге құлшына кіріскен. Аз инвозивті хирургиялық тәсілмен жасалған мұндай операциялар науқастардың қалыпты жағдайға жылдам оралуына мүмкіндік береді.
Операцияның екеуі де сәтті өтті. Бірінші науқастың дәреті түзеліп, үшінші күні стационардан шығарылды. Келесі науқастың да жағдайы бірден қалыпқа келіп, өзі жүріп-тұратын халде стационардан шығарылды. Басқа ешқандай шағымы қалмады, – дейді ҚР ПІБ МО ауруханасының жоғары санатты уролог дәрігері Бахтияр Қасымов.
Халыққа жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында дәрігерлердің өзара тәжірибе алмасу жұмыстары әрі қарай жалғасын табады.